$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Корея жастары ынтымақтастығын нығайта түсті - елші

Шара Корея Республикасының елшілігінің қолдауымен өтті

Қазақстан мен Корея жастары ынтымақтастығын нығайта түсті - елші

«Friends of Korea» ұйымы Нәрікбаев атындағы университетте «Достық фестивалі 2023» іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараға еріктілер ұйымының 20 мүшесі қатысты. Бұл іс-шара Корея мен Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен танысу алаңына айналды, онда Казгюу Университетінің "HANGYU" және "MNU Orchestra" би үйірмелері, KILS халықаралық колледжінің "K-Pop Dance Club" би командасы, Назарбаев Университетінің "вокалдық клубының" мүшелері, қазақстандық K-POP "Инблис" би клубы қатыстыжәне "Нанта" корей жастар клубы қатысты.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик өзінің құттықтау сөзінде 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын белгілеу құрметіне біздің елдеріміз өткен және қазіргі жылдарды "өзара мәдени алмасу жылдары" деп жариялағанын, осыған байланысты қоғамдық дипломатияның түрлі іс-шаралары мен Корей мәдени іс-шаралары өткізіліп жатқанын атап өтті. 

Елші Чжо Тэ-ик Корея мен Қазақстан тілге, мәдениетке және тарихқа қатысты бір-бірін терең түсінетін және сенетін нағыз дос болады деген үмітін білдірді. 

Сондай-ақ, ол екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастар нығая түсетінін атап өтіп, «Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты» деген қазақ мақал-мәтелін келтірді.

"Friends of Korea" ұйымы-2019 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігі құрған Корей мәдениетін сүйетін Астана қаласының университеттік клубтарынан шыққан мейірімді адамдардың біріккен қауымдастығы.

Сондай-ақ, Корея Республикасының Елшілігі 2024 жылдың басында Корея елшілігінің "Friends of Korea" еріктілерінің үшінші жиынтығын Корея мәдениетіне қызығушылық танытатын адамдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату үшін, сондай-ақ Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында, қоғамдық дипломатия, мәдениет, білім беру және қоғаммен байланыс саласындағы ерікті қызмет арқылы тағайындауды жоспарлап отыр.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ

Серіктес жаңалықтары