$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.03.2020, 10:19
Саясат

Помпео мен Тілеуберді телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесуге АҚШ мемхатшысы Майкл Помпео бастамашы болды

Помпео мен Тілеуберді телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Америка тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салай кетейік, АҚШ мемхатшысы ақпан айының басында іссапармен Нұр-Сұлтан қаласына келген еді. Ол Қазақстанға сапарында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екеуі шағын брифинг өткізіп, бірлескен мәлімдемелер жасады.

Серіктес жаңалықтары