Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовті 140 мың доллар төлеуге міндеттеді
Әблязов бұл қаражатты 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс
ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, Нью-Йорк қалалық соты Мұхтар Әблязовке қарсы қосымша санкциялар салу туралы шешім қабылдаған.
«Сот Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің (Талапкерлер) адвокаттардың қызметіне кеткен шығындарына байланысты 140 115,60 АҚШ долларын төлеуге міндеттеді. 2019 жылғы шілдеде сот Талапкерлердің М. Әблязовке қатысты сот процесіне қатысудан және дәлелдемелерді ашудан бас тартқаны үшін қосымша санкция салу туралы өтінішін қанағаттандырды. Сондай-ақ, сот алдағы алқа билердің қатысуымен өтетін қорытынды сот процесінде М. Әблязовке өзін ақтау үшін жаңа дәлелдемерді ұсынуға рұқсат бермеу туралы ұсынысын білдірді. Бұл санкция алқа билер сотына М. Әблязовпен оның кінәсін дәлелдейтін дәйектерді жасыру туралы нұсқаулық», - делінген хабарламада.
Сот дәлелдерді назарға алып, 2020 жылдың 7 ақпанында М. Әблязовтен 140 мың доллар өндіріп алу туралы шешім шығарды. Сот шешіміне сәйкес, Мұхтар Әблязов ол соманы 2020 жылдың 7 мамырына дейін төлеуі тиіс.