ШұғылӨткен аптада Қазақстанда коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Қордай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қордай ауданының активіне жаңа әкімді Бердібек Сапарбаев таныстырды

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Президентінің Әкімшілігімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қордай ауданының активіне жаңа әкімді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.  

«Ауданның жаңа әкімінің алдында әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер тұр.

Ең бастысы - тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы.

Ауданның жаңа басшысына көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын бақылау, білім беру және медициналық қызметтердің сапасын жақсарту шараларын қабылдау, жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша нақты тапсырмалар жүктелді», - деп жазды аймақ басшысы.