Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне;
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Самат Исламұлы Ордабаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.
Еске салсақ, 18 желтоқсан күні Дархан Кәлетаев Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Ол бұл қызметке 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Премьер-министр кеңсесін басқарды және қоғамдық даму министрі болды.