$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2020, 13:50
Саясат

«Коронавирус қанша қауіпті болса да, біз оны жеңе аламыз» – Қытай елшісі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Қытай елшісімен кездесті

«Коронавирус қанша қауіпті  болса да, біз оны жеңе аламыз» – Қытай елшісі

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар коронавирус бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайды және вирустың таралуына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Елші мырза Қазақстандағы вирустың алдын алу жұмыстарын жоғары бағалады.

«Жаңа коронавирус қанша қауіпті  болса да, біз оны емдей аламыз. Жеңістің ауылы алыс емес екеніне сенімдімін.  Біз жауапкершілікті, бірінші кезекте, көрші елдер алдындағы  жауапкершілікті жақсы  түсінеміз. Қазақстан - Қытайдың басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Және Қазақстан Үкіметі коронавирусқа қарсы күрес бойынша уақытылы және дер кезінде өте дұрыс шаралар  қабылдады» – деді дипломат.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Қытай халқына қолдау білдірді.

«Қытай халқының аталған вируспен күрес жолындағы ерлігін жоғары бағалаймыз. Әсіресе, Қытайдың медициналық қызметкерлерінің батылдығы мен өз жұмысына  жан-тәнімен берілгендігін  ерекше атап өткім келеді, олар мыңдаған адамдарды құтқаруда. Сіз арқылы қытайлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Біз барша дәрігерлерге, әрине, достас Қытай халқына талмас  шыдамдылық пен елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ертерек жақсаруын тілейміз», - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.

Тараптар коронавирусқа қарсы күресті және оның  Қазақстанда таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.  

Серіктес жаңалықтары