$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 11:10
Саясат

Дариға Назарбаева ауылшаруашылық колледждер санын қысқартуды ұсынды

Оқу орындарының басшылары тәжірибе үшін сиырды өз ақшаларына сатып алатынын айтты

 

Дариға Назарбаева ауылшаруашылық колледждер санын қысқартуды ұсынды

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігінің басшыларымен және аграрлық колледждердің өкілдерімен кездесті. Жиында еліміздегі колледждер санының көптігі туралы да айтылды. Статистика бойынша, олардың саны 801, әйтсе де тек 17-сі ғана агроөнеркәсіп кешені мамандарын даярлайды.

 «Оларды қысқартқан жөн. Аймақтағы салалық мамандануға байланысты ғана қалдыру керек. Егер аймақ экономикасы негізінен аграрлық сала әрі облыс ауыл шаруашылығына маманданған болса, онда мемлекеттік колледждер санын да соған ыңғайлау қажет. Егер колледждер көп болса олардың санын қысқарту,  ақшаны қалған колледждерге қайта бөлу және материалдық-техникалық жарақтандырудың бірыңғай жобаларын қалыптастыру және алдағы бір-екі жылда оларды оқуға қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу қажет», - деді Дариға Назарбаева.

Кездесуде Ақтөбегі жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің директоры Аманкелді Есіркепов ауыл шаруашылығы саласы мамандарын әзірлеуде құзырлы органдардың тәжірибеден өту мәселесіне селқос қарайтынын алға тартты.

«Бізге тәжірибе жағы жетіспейді. Біздің колледждің базасында төрт түлік малдың бәрі бар. Ол үшін біз мемлекет бюджетінен ештеңе алмаймыз. Студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыру жағын қолдау керек. Сондай-ақ, Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын дайындауға қатысты кітап соңғы рет 2010 жылы шыққан. Білікті мамандар даярлау үшін соңғы шыққан салалық кітаптар қажет. Екінші мәселе, ол педагогтарды қолдау мәселесі тұр», - деді Аманкелді Есіркепов.

Дариға Назарбаева бұл тақырыпқа қолдау білдіре келіп, кадрларды дайындау мен мамандардың жетіспеушілігіне бизнес саласы да жиі шағымданатынын атап өтті.

«Колледжден кейін жұмысқа алатын мамандардың дайындық деңгейі төмен, тәжірибелік дағдылары жоқ. Бюджеттен қаржы бөлінеді, есептерде бәрі дұрыс. Ал іс жүзінде мамандар тапшы», - деп атап өтті Сенат спикері.

Ал  колледж басшылары өз қаражатына жиі мал сатып алатынын және оны студенттердің мал шаруашылығында тәжірибе алуы үшін ұстап отыратынын жеткізді.  «Ол үшін мен 12 сиыр ұстаймын», - деді директорлардың бірі.

Серіктес жаңалықтары