$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2020, 13:23
Саясат

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев төрт адамды қызметінен босатуды тапсырды

Олар – облыс әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімі, облыстық ПД басшысы мен аудандық ПБ басшысы

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев төрт адамды қызметінен босатуды тапсырды
Фотода: Қордай ауданының әкімі, облыс әкімінің орынбасары және облыстық ПД басшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында болған қайғылы жағдайға байланысты жұмысына салғырт қарағаны үшін төрт адамды қызметінен босатуды тапсырды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары