Кадрлық резерв: 7 адам Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды
Қалалық әкімдіктегі бос лауазымдар тағы 10 резервшіге ұсынылды
Президенттік жастар кадрлық резервінің 7 мүшесі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде басшылық қызметке тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Сонымен қатар, қалалық әкімдіктегі бос лауазымдар 10 резервшіге ұсынылды. Қазақстан Президентінің Жастар кадрлық резерві Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. 13 мың үміткердің 300-і резервке өтті. Жүсіп Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды»,- делінген хабарламада.
Жаңа қызметке тағайындалғандар тізімі төмендегідей:
Нұрлыбек Балықбаев - қала әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін стратегиялық және ақпараттық даму департаменті директорының орынбасары - ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарды.
Дәулет Кәрібек - «Нұр-Сұлтан жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы лауазымына өтті. Бұған дейін "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған.
Ерлан Сыздықов - «Нұр-Сұлтан отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Әнуар Бижан - «Нұр-Сұлтан активтер және мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алулар мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Жеке секторда жұмыс атқарған.
Дина Даниярова - «Astana Invest» ЖШС Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Жеке сектордағы қаржы мекемелерінде халықаралық тәжірибесі бар.
Лаура Демесинова - «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды.