Еліміздің сыртқы қарызы 5,1 млрд долларға азайды – Есімов
Елбасы Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы даму қорытындысымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылға арналған даму қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.
«Қор компаниялары тобының таза кірісі 1,2 трлн теңгені құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен 38 пайызға артық. Сонымен қатар, қарыз жүктемесі 2017 жылдан бері 1 трлн теңгеге, ал сыртқы қарыз 5,1 млрд АҚШ долларына азайды», – деді Ахметжан Есімов.
Кездесуде сондай-ақ, Қор компанияларының қаржылық жағдайын одан әрі жақсарту, портфельді компаниялардың IPO-ға шығуы және жекешелендіру жоспарын іске асыру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.