22.01.2020, 22:56
Саясат
Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Талғат Донақов Президентке Жоғары Сот Кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады.
Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
