$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 21:39
Саясат

Президент министрге бағаны негізсіз көтере бермеуді тапсырды

Бүгін Қ. Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады

Президент министрге бағаны негізсіз көтере бермеуді тапсырды
Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортқа шығарушыларды қолдау, интеграциялық үдерістер, ішкі нарықты контрафактілік өнімнен қорғау сияқты министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады.

Министр Президентке бағаны белгілеу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері ведомствоның ерекше назарында екенін жеткізді. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың міндеттерін анықтайтын Жол картасының жобасы әзірленді.

Жалпы, министрлік жұмысына оң баға берген Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, бағаның негізсіз өсуі мен делдалдық әрекеттерді болдырмау және қазақстандық тауар өндірушілердің өнімі тұтынушыларға қолжетімді болу үшін нақты тапсырмалар берді.

Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерде Одақтағы серіктестермен сындарлы іс-қимылдар жүргізу арқылы мемлекеттің ұстанымын нығайту – министрліктің алдында тұрған маңызды міндет.
 

Серіктес жаңалықтары