$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр дағдарыс»

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ға мүше елдер көшбасшыларына алғысын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл – тәуелсіздік жылдарындағы ең ауыр дағдарыс»
Akorda.kz

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары онлайн режимде сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанның бірнеше қаласында болған террористік шабуылдар саммиттің негізгі тақырыбына айналды.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында болған ең ауыр дағдарыс екенін айтты. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ-ға қатысушы елдердің көшбасшыларына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Бұл ҰҚШҰ-ның алғашқы бітімгершілік миссиясы және ҰҚШҰ бұдан тәжірибе алады деп үміттенемін. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етудің нақты тетігі. Қазақстан тап болған қауіп-қатер бәрімізге ортақ. БҰҰ мен халықаралық ұйымдар тарапынан қолдауды қамтамасыз етудің маңызы зор», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгершілік миссиясынан 2030 адам және 250 бірлік техникасы жеткізілгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары