Семей күздің қара суығында жылусыз қалды ма: Бектенов әкім орынбасарына шүйлікті
Қазіргі уақытта жылу 11 өңірде беріле бастады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Семей қаласы биылғы жылыту маусымына дайын емес екенін айтып, облыс әкімінің орынбасарына шүйлікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет отырысында облыстардың жылыту маусымына дайындығы қаралды. Қазіргі уақытта жылу 11 өңірде беріле бастады.
«Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы Семей қаласындағы жағдайға байланысты осы салаға жауапты Абай облысының әкімін тәртіптік жауапқа тартуды тапсырды.