06.10.2026, 09:56
Жаңалықтар
Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай жанып кетті (ВИДЕО)
Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жеткен
Фото: Видеодан скрин
Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Оқиға А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешендерінің бірінің жанында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде, көліктердің барлығы лапылдап өртеніп жатқан. Қатты желдің салдарынан от бір-біріне жақын тұрған көліктерге жылдам тараған.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жетіп, жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қатты жел кезінде оттың таралуы өте жылдам болуы мүмкін. Өрт белгілерін байқасаңыз, дереу 112 нөміріне хабарласыңыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
