06.10.2026, 21:27
Оқиғалар
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Фото: istockphoto.com
Алматының Әуезов ауданындағы Жетісу шағынауданында орналасқан пәтерлердің бірінен 33 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған.
«Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдын ала анықталғандай, ер адам соңғы бірнеше айда өмірінде қиын кезеңді бастан өткерген. Қазір мамандар оның өмір салтын, араласқан ортасын және оқиғаға қатысы болуы мүмкін басқа да мән-жайларды зерттеп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.
Тергеу нәтижесінде оқиғаның нақты себептері анықталады.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді