Осы жылдың басынан басталған оқиғалар бір тізбекпен байланысты – Тоқаев Қазақстандағы лаңкестік туралы

Әсел Оршыбекова

Террористік шабуылдар 5 қаңтарға қараған түні басталған еді

Осы жылдың басынан басталған оқиғалар бір тізбекпен байланысты – Тоқаев Қазақстандағы лаңкестік туралы

Террористер мемлекеттің тұрақтылығын бұзып, тәртіпсіздік орнатуға тырысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы деструктивті күштер елдегі тұрақтылықты бәсеңдетуге, тәртіпсіздік жасауға талпынғанын айтты. Президенттің сөзінше, лаңкестер Мемлекеттің тұрақтылығы мен беріктігіне тестілеу өткізген.

«Осы әрекеттің бәрі батыл түрде тоқтатылды. Бірақ ұйымдастырушылар өз жоспарын тоқтатпай, Қарулы қылмыстарды дайындауға көшті. Мұның себебі ретінде олар автомобиль газы бағасының өсуіне байланысты бірқатар аймақтардағы халықтың наразылығын пайдаланды», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Президент лаңкестер өздерінің байланысын пайдаланып, әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының формасын киіп, осылайша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың қатарына қосылғанын мәлімдеді.

«Оқиғалардың толық картинасын көре отырып, мен осы жылдың басынан бастап болған барлық оқиғалар бір тізбекпен байланысты екенін жауапкершілікпен айта аламын. Олар ұзақ уақыт бойы дайындалған, біртұтас деструктивті жоспарға бағынады. Бұл дайындық қанша уақытқа созылды: бір, екі немесе үш жыл оны тергеу жұмыстарының нәтиже көрсетеді», - деді Тоқаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.