08.01.2020, 11:55
Саясат
Иранда есепте тұрған Қазақстан азаматтарының саны белгілі болды
СІМ ресми ақпарат таратты
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша қазіргі уақытта қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Министрлік Иранда ресми тіркелген азаматтар жөнінде ақпаратпен «Телеграм» каналда бөлісті.
«Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген»,- делінген хабарламада.
АҚШ пен Иран арасындағы ушыққан жағдайға байланысты Президент кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында қазақстандық балалар қауіпті ошақтан дер кезінде шығарылғанын жазды. Саясаттанушы соңғы рет Ирактан оралған 14 бала туралы видеомен бөліскен.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты