$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2021, 16:07
Саясат

Президент: Қазақстан атынан шетелде қызмет істеп жүрген мамандар алдымен мемлекеттік тілді білуі керек

Дипломатиялық қызметке ең алдымен көзі ашық, көкірегі ояу отаншыл мамандар қажет

Президент: Қазақстан атынан шетелде қызмет істеп жүрген мамандар алдымен мемлекеттік тілді білуі керек
Фото: akorda.kz

Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінен білікті мамандардың жаппай кетуі кадрлық әлеуетті әлсіретеді деп мәлімдеді.

«Бұл шын мәнінде өзекті мәселе. Министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Кәсіби мамандар қалыптасады. Бірақ білімді әрі білікті елге қызмет еткісі келетін жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру алынбас қамалдай. Бұл ахуалды түзетіп, кадр саласын қайта қарайтын кез келді. Дипломатиялық қызметке ең алдымен көзі ашық, көкірегі ояу отаншыл мамандар қажет. Қазақстан атынан шетелде қызмет істеп жүрген мамандар шетел тілдерін ғана емес, алдымен мемлекеттік тілді білуі керек», − дейді Президент.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары