$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2021, 16:19
Саясат

Мемлекет басшысы: Ауғанстандағы күрделі дағдарысты еңсеруге өз үлесімізді қосып жатырмыз

Мемлекет басышысы өз сөзінде Қазақстан Азия, Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерімен байланысты кеңейтуге ниетті екенін айтты

Мемлекет басшысы: Ауғанстандағы күрделі дағдарысты еңсеруге өз үлесімізді қосып жатырмыз

Пандемия кезінде Қазақстанның қандай елдерге гуманитарлық көмек көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия белең алған екі жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан шетелдегі 1000-нан аса азаматқа көмек көрсеткенін мәлімдеді.

«Бүкіл әлемді пандемия жайлағанына екі жылға жуықтады. Оның салдары Қазақстанға да оңай тиген жоқ. Біздің дипломатиялық корпус осы күрделі кезеңде жоғары деңгейде қызмет етті. Шетелдегі мыңдаған азаматымызға көмек көрсетті. Сыртта қалып қойған отандастарымызды елге алып келу үшін тиісті жұмыс атқарды. Дипломаттарымыздың арқасында Қазақстанға гуманитарлық көмек жеткізілді. Біз де бірқатар елге қолдау көрсеттік. Ауғанстандағы күрделі гуманитарлық дағдарысты еңсеруге өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бұл – біздің сыртқы саясатымыздың жасампаздық сипатының айқын көрінісі», − деді Президент.

Мемлекет басышысы өз сөзінде Қазақстан Азия, Орта және Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка елдерімен байланысты кеңейтуге ниетті екенін айтты.

Еркежан Айтқазы, Нұр-Сұлтан қаласы

Серіктес жаңалықтары