$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.10.2021, 17:18
Саясат

Ресейде басқа елдердің ядролық қалдықтарын сақтау ұсынылды

Бұл туралы Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев айтты

Ресейде басқа елдердің ядролық қалдықтарын сақтау ұсынылды
Фото ашық дереккөзден

«Ресей өз аумағында басқа елдердің ядролық қалдықтарын сақтауға дайын». Ертең Шотландияның Глазго қаласында басталатын климаттың өзгеруі жөніндегі әлемдік конференция қарсаңында Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев осындай мәлімдеме жасады. Ол Ресейде мұндай қалдықтар қоршаған ортаға зиян келтірместен қауіпсіз сақталатынын атап өтті.

29 қазан  күні  Санкт-Петербургке жеткізілуі тиіс қайта қалпына келтірілген уранмен толықтырылған 20 француз контейнері Дюнкерк портына келгені белгілі болды. Контейнерлері бар кеме келесі аптада Ресейге келеді деп күтілуде. Содан кейін қалпына келтірілген уран қайта өңдеу үшін Северск қаласына жөнелтіледі. Алайда экологтар бұл қайта өңделместен Ресейде сақталады деп қорқады.

Қалпына келтірілген уранды жөнелтуге француздық Greenpeace белсенділері қарсы шығып, наразылық акциясын өткізді. Олар "Ресей - қоқыс алаңы емес" деп ұрандатты. Белсенділер Сібірді қауіпті қалдықтарды сақтау орны ретінде пайдалануды тоқтатуды талап етті, өйткені олар қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары