Немістер Польшаны Еуропалық Одақтан шығаруды талап етті

Azattyq Rýhy

Spiegel оқырмандары Польшаның Еуроодаққа айыппұл төлеуден бас тартқанын сынға алды

Фото ашық дереккөзден

Der Spiegel журналы Польшаның Бас Прокуроры мен Әділет министрі Збигнев Зеброның «Варшаваның бұрын Еуропалық сот салған айыппұлдарға қаржы жұмсамауы керек» деген мәлімдемесіне арналған материал жариялады. Аталмыш мақалаға пікір қалдырушы интернет қолданушылары Польшаға Еуропалық Одақ құрамында орын жоқ екенін жарыса жазды.

Айта кетейік, сәрсенбіде Еуропалық Одақ Соты Польшаға Жоғарғы Соттың тәртіптік палатасы таратылғанға дейін күніне миллион еуро айыппұл салды. Бұған дейін сол сот Чехиямен шекарадағы Туров көмір шахтасын пайдалануды тоқтатудан бас тартқаны үшін Польшаға күніне 0,5 миллион еуро айыппұл салған болатын. Польшада Брюссельдің әрекеттері сынға алынды. Ал Польшаның Әділет Министрінің орынбасары Себастьян Калета ЕО шешімін «бопсалау» деп атаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.