$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 00:25
Саясат

Жексенбі күні Өзбекстан халқы өз президенттерін таңдайды

 Ел тізгінін қолына алуға 5 кандидат үміт етіп отыр

Жексенбі күні Өзбекстан халқы өз президенттерін таңдайды
Фото ашық дереккөзден

Олардың қайсысы алдағы 5 жылда Өзбекстан президенті атанатынын өзбектер осы жексенбіде шешеді. Барлығы бірдей елдің дамуын ойлағанымен үміткерлердің сайлауалды бағдарламалары сан түрлі.

Мәселен, Өзбекстанның қазіргі Президенті Шавкат Мирзиёев 2027 жылға қарай кедейшілік деңгейін 2 есеге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Одан бөлек цифрлық экономиканы ілгерілетіп, жалпы ішкі өнім көлемін өсіруді уәде етті.  Ал Алишер Кодиров өзінің сайлауалды бағдарламасында мигранттарға салық төлеуді міндеттеймін деді. Сонымен қатар, ол білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді толықтай шешуге ниетті.  Бахром Абдухалимов сайлауда жеңіске жететін болса, Өзбекстандағы жемқорлықпен күресті мықтапқолға алмақ.

 Өзбекстан тарихында екінші рет Президенттік сайлауға әйел кандидат қатысқалы отыр. Тәжірибелі дәрігер Максуда Ворисованы халықтық-демократиялық партия ұсынған болатын. Максуда Ворисова жеңіске жетсе әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөліп, байларға қосымша салық салмақ ойда. Ал экопартия атынан бәйгеге қатысып отырған Нарзулла Обломурадов елдегі экологиялық заңнаманы жетілдіруді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Өзбекстандағы президенттік сайлаудың әділ өтуін 1 мыңға жуық бақылаушы қадағалайтын болады.
 

Серіктес жаңалықтары