$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 01:04
Саясат

Дональд Трамп Truth Social атты өзінің әлеуметтік желісін құрды

Желі 2022 жылдың басында толықтай іске қосылмақ

Дональд Трамп Truth Social атты өзінің әлеуметтік желісін құрды
Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Truth Social (ағылшынша truth-ақиқат) деп аталатын өзінің әлеуметтік желісі және Trump Media & Technology Group медиа тобы құрылғанын жариялады.

Дональд Трамптың айтуынша, TMTG  медиа тобының басты мақсаты – әр адамның пікір білдіруіне мүмкіндік беру.

"Мен технологиялық алыптардың тираниясына қарсы тұру үшін Truth Social және TMTG жасадым. Біз "Талибанның" Twitter-де кең өкілдігі бар әлемде өмір сүріп жатырмыз, ал сіздің сүйікті американдық президентіңіз үнсіз қалды. Бұл қабылдауға келмейтін жайт", – деді Трамп.

Truth Social қосымшасының бетіндегі сипаттамадан көрініп тұрғандай, жаңа желі саяси идеология бойынша кемсітусіз ашық, еркін және адал жаһандық сөйлесуді қолдайтын "үлкен шатыр" қағидатын ұстанады.

"Үлкен шатыр" қағидасы –Америкадағы инклюзивтіліктің жаңа тәсілі. Біз әрқашан бір-бірімізбен келісе бермейтінімізге қарамастан, әртүрлі пікірлер мен пікірталастарды қолдаймыз"делінген сипаттамада.

Бағдарлама авторлары өз пайдаланушыларын пікір қалдырып, материалдармен бөлісуге шақырады. Платформа сонымен қатар соңғы жаңалықтардан хабардар болуға және басқа пайдаланушылармен тікелей байланыста орнатуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында  Джо Байденнің инаугурациясынан бірнеше апта бұрын Дональд Трамптың аккаунттары ірі әлеуметтік желілерде: Twitter, Facebook, Instagram және YouTube видео хостингінде бұғатталған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары