«Ескертемін»: Президент заңсыз митингілерге шықпауға шақырды
Ал бейбіт жиындарға, демонстрацияларға ешкім кедергі келтірмейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз демонстрациялар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында Президент Қазақстанда бейбіт жиналыстар туралы заң қабылданғанын атап өтті.
«Біздің кейбір аналарымыз заңсыз демонстрацияларға шығады, шу көтеріп, қоғамдық тәртіпті бұзады. Біз бейбіт жиналыстар туралы өте жақсы заң қабылдадық. Кім не айтса да, бұл демократияны дамытудағы өте маңызды қадам. Бейбіт жиындарға, демонстрацияларға ешкім кедергі келтірмейді. Онда барлығы жазылған, тіпті ресми рұқсат алудың да қажеті жоқ», - деді Тоқаев отырысқа қатысушыларға.
Президент демонстрациялар хабарлама режимінде өткізілуі мүмкін екенін еске салды. Бірақ оның айтуынша, бұл – талап, «кейбір азаматтарымыз оны бұзуға болады деп санайды».
«Мен мұндай әрекеттерге құқықтық баға берілетінін ескертемін. Бас прокуратураның міндеті – бұл заңды азаматтарымызға түсіндіруді жалғастыру, ал барлық құқық қорғау органдарының міндеті – заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау», - деді Мемлекет басшысы.