$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 21:23
Саясат

Асқар Мамин Атырау облысының жаңа әкімін өңір активіне таныстырды

Премьер-министр жаңа әкімнің үлкен өндірістік тәжірибесі мен біліктілігінің мол екенін атап өтті

Асқар Мамин Атырау облысының жаңа әкімін өңір активіне таныстырды

Үкімет басшысы Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Махамбет Досмұхамбетовты өңір әкімі лауазымына ұсынған кандидатурасына қолдау білдірген Атырау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігі Facebook парақшасында жариялады.

Жазбада Атырау облысының активіне жаңа әкімді таныстыра отырып, Премьер-министр оның үлкен өндірістік тәжірибесі мен біліктілігінің мол екенін атап өтті.

«Жаңа әкімнің алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша маңызды міндеттер қойылды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырау облысының дамуына ерекше көңіл бөліп отыр, Махамбет Жолдасқалиұлының зор сенімді ақтайтынына сенемін», — деді А. Мамин.

Премьер-министр бұрынғы әкім Нұрлан Ноғаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Серіктес жаңалықтары