18.06.2021, 09:26
Саясат
Иран бүгін жаңа президентін сайлайды
Саяси додада 7 үміткер бақ сынап жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Иран бүгін жаңа президентін сайлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Үміткерлер арасында Жоғарғы сот төрағасы Ибрагим Раиси, бұрынғы Вице-президент Мохсен Мехрализаде және Орталық банк басшысы Абдол-нассер Хеммати бар. Кей кандидаттар дауысқа түсуден бас тартты. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға қарағанда сот жүйесінің басшысы Ибрагим Раиси қарсыластарынан озуы мүмкін.
Жалпы елде 67 мыңға жуық сайлау учаскесі ашылған. Дауыс беру таңғы 7-ден түнгі 12-ге дейін созылады. 59 миллион адамның дауыс беру құқығы бар. Ал додада жеңіп шыққан саясаткер 2013-ші жылдан бері елді басқарып келе жатқан президент Хасан Руханиды ауыстырады.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды