Женевада Байден мен Путин келіссөзі басталды
Кездесуде екі жақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланады
Женевада АҚШ Президенті Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путин арасындағы келіссөз басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Хабар24"-ке сілтеме жасап.
Кездесу Ла Гранж вилласында өтіп жатыр. Қос ел басшысын алдымен Швейцария президентін Ги Памерлен күтіп алды. Үшеуі суретке түсіп, Байден мен Путин бір-бірінің қолын алды. Ал негізгі басқосу үш бөлімнен: бір шағын және 2 кеңейтілген келіссөзден тұрады. Шағын келіссөз қос елдің сыртқы саясат басшыларының қатысуымен өтсе одан кейінгі жүздесу ұлғайтылған құрамда белгіленген.
Кездесуде екі жақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен келешегі, стратегиялық тұрақтылық, ақпараттық қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және өзге де мәселелерді талқылау қарастырылған. Жиын 4-5 сағатқа созылуы мүмкін. Женевада қауіпсіздік күшейтілген. Қаланың әр ауданында полиция бекеттері қойылған. 3 мыңға жуық сақшы мен 1 мыңдай әскер жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: Женевада Байден мен Путин кездеседі: Батыс пен Ресей арасында жылымық пайда бола ма?