14.12.2019, 14:55
Саясат
АҚШ сенаты Осман империясының армяндарға қарсы әрекетін геноцид деп таныды
Енді президент қол қойса, бұл Осман империясының армяндарды қудалауына байланысты АҚШ-тың ресми ұстанымына айналады
АҚШ сенаты Осман империясының 1915 жылғы армяндарға қарсы әрекетін геноцид деп танып, арнайы қарар қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ешбір сенатор құжатқа қарсылық білдірген жоқ. Қазан айында Конгресстің өкілдер палатасы да дәл осындай қарар бекіткен. Енді құжатқа президент қол қоюы тиіс. Осыдан кейін бұл Осман империясының армяндарды қудалауына байланысты АҚШ-тың ресми ұстанымына айналады.
Айта кетейік, АҚШ сенаты 2015 жылғы тарихи оқиғаларды бұған дейін де талқылаған. Бірақ кей сенаторлардың қарсылығына байланысты қарар қабылданбаған еді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)