Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

Кездесуде сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрікменстанның Қазақстандағы елшісін қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 29 сәуірде ҚР ИИДМ басшысы Бейбіт Атамқұлов Түрікменстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджеповты қабылдады.

Кездесуде сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Министр Ақтау теңіз сауда порты мен Түркменбашы халықаралық теңіз порты арасындағы теңіз, соның ішінде фидерлік* тасымалдарды дамытуға ерекше назар аударды.
Түрікмен тарапы қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сатып алуға, барлық бағыттарда жүк транзитін кеңейтуге мүдделілігін атап өтті.

* Фидерлік тасымалдар - жүктерді шоғырландыру, тиеу және тасымалдау үшін кемелермен теңіз арқылы қысқа қашықтыққа тасымалдау.

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.