$ 503.05  542.99  5.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2019, 17:49
Саясат

Маржықпаев - боксшы, Тоғжанов - дзюдошы

Жас күнінде спортпен кәсіби түде шұғылданған, қазір лауазымды қызметте жүрген шенділер туралы материалымызды жалғастырамыз

Маржықпаев - боксшы, Тоғжанов - дзюдошы

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың бокстан спорт шебері екенін көпшілік біле бермейді. Облыс басшысы әлі күнге дейін бос уақытында жаттығу залына барып тұрады екен.

Ашық дереккөздерде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев те жас күнінде кәсіби түрде кикбокспен шұғылданғаны жазылған. Тіпті, ұлттық құрама сапында әлемдік турнирлерге қатысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атаққа қол жеткізген деген де ақпарат бар.

Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасынан бастап орынбасарларына дейін спортшылар екен. Федерацияның қазіргі төрағасы, бұрынғы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 2017 жылы Ақтау қаласында өткен дзюдодан халықаралық турнирде көпшіліктің сұрауымен спортшыларға бір-екі әдіс көрсетті. Сол кезде белгілі болғандай, Ералы Тоғжанов жас күнінде татамиде талай рет белдескен, сондай-ақ дзюдодан спорт шебері деген дәрежесі бар екен.

Оқи отырыңыз: Бұрынғы спортшы – бүгінгі саясаткер

Бұрынғы Қарағанды облысының бұрынғы әкімі және есеп комитетінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібеков қазір Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының бірінші орынбасары. Ол да қазіргі басшысы сияқты жас күнінде балуан болған. Яғни, еркін күрестен спорт шеберіне кандидат деген дәрежесі бар.

Мұхтар Тінікеев дегенде, Головкин де еске түседі. Бұрынғы Мәжіліс депутаты әлі күнге дейін Геннадий Головкиннің жек-жектеріне қатысып, қолдау көрсетіп жүреді. Көпшілік Тінікеев пен Головкиннің арасындағы достыққа қарап, бұрынғы мәжілісмен жас күнінде бокспен айналысқан болуы мүмкін деп есептейді. Алайда, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев шығыс жекпе-жегінен спорт шебері.

Жамбыл облысының әкімі болған, Қазақстанның көрші Қырғыз еліндегі елшісі болған, қазіргі «ҚазСелденҚорғау» ММ басшысы Кәрім Көкірекбаев та бокспен шұғылданған. Тіпті, бокстан І разряд деген кішігірім атағы бар екен.

Ұзақ жылдар бойы Маңғыстау өңірінде қызмет атқарған, 2016 жылдан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты мандатына ие болған Тарас Хитуов бокстан КСРО-ның спорт шебері екен.

Атырау қаласының әкімі болған, бүгінде «Nur Otan» партиясының Атырау облысындағы филиалы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Ожаев та бокстан спорт шебері.

Қазіргі Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, бұрынғы Парламент Мәжілісінің депутаты Оңалбай Аяшев та классикалық күрестен спорт шебері екен. Айтпақшы, мұндай дәреже ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Асхат Дауылбаевта да бар.

Жандос БАЙДІЛДА, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары