Анкарада Тұңғыш Президент күні аталып өтті

Azattyq Rýhy
01.12.2019, 11:59

Жиынға Түркия Ұлы Ұлттық мəжілісінің депутаттары, жоғары лауазымды тұлғалар, зиялы қауым өкілдері қатысты

30 қарашада Анкара қаласында (Түркия) «Түркі мемлекеттері ынтымақтастығы жолындағы көреген көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев» атты конференция өтті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy 

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы 1 желтоқсан күні елімізде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні аталып өтетіндігіне орай, тəуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Елбасының бастамасымен елімізде жүзеге асырылған маңызды экономикалық жəне əлеуметтік реформалар, халықаралық саяси бастамалары мен мемлекетіміздің жетістіктерін тілге тиек етті.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі халқымыз үшін «еліміз», «туған жеріміз» жəне «Отанымыз» сөздерімен қатар жүреді. «Түркия үшін М.К Ататүрік қаншалықты маңызды тұлға болса, Н.Назарбаев Қазақстан үшін дəл сондай маңызға ие», - деді А.Сапарбекұлы.

Сондай-ақ А.Сапарбекұлы Мемлекетіміздің негізін қалаушы Елбасы басқарған 30 жылдың ішінде Қазақстан əлемнің дамыған 50 елінің қатарына енгенін, кедейшілік деңгейі 20 есеге төмендеп, елдің ішкі жалпы өнімінің 9 есе артқанын атап өтті.

Іс-шараға қатысқан беделді профессорлар елдеріміз арасындағы жан- жақты ынтымақтастықты үйлестірудің басты тетігіне айналған Түркі кеңесін құру бастамасын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевқа тиесілі екенін, Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы мəртебесінің табысталғаны Елбасының атқарған еңбегіне берілген лайықты баға екенін баяндады.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
20 желтоқсанда Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді
Тоқаев Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмекке қатысты есебін тыңдады
Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан

Сұхбат
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған