Көшербаевтан қалған «мұра»: Қызылорданың жаңа әкімі даулы шыны зауытын Нұр-Сұлтанның құрметіне ашпақ

Azattyq Rýhy
04.12.2019, 13:10

«Астана» күніне ашылмаған шыны зауыты Нұр-Сұлтан күніне ашыла ма?

АҚШ жеңіліп, Қытай ұтқан жоба 

Қызылорда облысында құрылысы бес жыл бұрын басталған Шыны зауытының «тағдыры» тым ауыр. Қолдан қолға, инвестордан инвесторға өтті. Өндіріс орны 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынуы керек еді. Бастапқыда жоба «ARP company» АҚ, «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ және Stewart Engineers (АҚШ) компаниясының қатысуымен жүзеге асырылады деп күтілген.  

2016 жылы экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қызылордада шыны зауытының құрылысы барысында бизнесмендердің бірінен  $2 млн пара алғаны әшкере болды. Осы қылмыстық іс тергеліп жатқанда зауыт құрылысынан жоғарыдағы компаниялар шеттетілді. Кейін инвестициялық жобаның негізгі операторы  «Orda Glass LTD» ЖШС басқа инвесторлар іздеуге мәжбүр болған.  

Ақыры, 2017 жылы жобаны қытайлық China Triumph International компаниясы өз қолына алды.

Көшербаевтан Ысқақовқа «мұраға» қалған уәде

Сол тұста  Қызылорда облысын басқарған Қырымбек Көшербаев Үкіметте өткен брифинг кезінде шыны зауыты 2018 жылдың  шілде айында   ашылады  деп жария етті.Тіпті, өндіріс ошағы смартфон мен гаджеттерге арналған ультра жұқа әйнектер шығарады деп мәлімдеген болатын. 

2017 жыл, 18 қазан

«Шыны зауытының құрылысы аяқталып келеді, наурыз айында құрылыс бітеді. Пешке от жағу үшін ауа райы жылы болуы шарт. Сондықтан наурыздың соңғы күндері немесе сәуір айының басында пеште от тұтатылады. Ал 1 шілдеде зауыт өзінің алғашқы өнімдерін бере бастайды. Кәсіпорынның екінші кезегін келесі жылдың басында салуға кірісеміз. Өте жіңішке әйнектер өндірісі, яғни планшет, смартфон сияқты гаджеттерге арналған шынылар зауытын тұрғызуға дайындық жүріп жатыр»,- деді Қ. Көшербаев үкіметте өткен брифингте.

Елдегі сақалды құрылыстардың біріне айналған  шыны зауыты  туралы өткен аптада  аймақтың қазіргі басшысы Қуанышбек Ысқақов үн қатты. Қызылорда облысының әкімі  5 жылдан бері салынып жатқан кәсіпорынды жыл  соңына дейін іске қосуға уәде беріп отыр. Бұл туралы ол ОКҚ-дегі есеп беру жиынында айтқан еді.  Сөйтіп, ол да Нұр-Сұлтан күні құрметіне тұңғыш отандық әйнек   шығарылады деп сөз берді.  

2019 жыл, 22 қараша

«Шыны зауытында қазір жұмыс жүріп жатыр. Мердігер компаниялар наурызда алғашқы пешті іске қосып, арғы жағында үш айдан соң, Астананың туған күні қарсаңында алғашқы отандық  әйнек өнімін таныстырады. Кейбір мәселелер бар, жергілікті атқарушы билік, Қызылорда облысының әкімдігі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Инженерлік- байланыс инфрақұрылымы мен теміржол тұйықтарын жүргізу біздің міндетіміз»,- дейді әкім Қуанышбек Ысқақов ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімінің айтуынша, ауа райы жылынғанда зауыттың толық қуатын пайдалануға мүмкіндік туады.  Өнім өндіруге қажетті шикізат жергілікті кен орындарынан алынады. Сарышоқы кен орны қазір дайын. Өзге қоспалар Қазақстанның басқа облыстарынан, Ресейден және Орталық Азияның кейбір мемлекеттерінен тасымалданады.

Мөлдір Бақытқызы, Нұр-Сұлтан

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1 қаңтардан бастап жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
LRT ісі бойынша қамауға алынған Нұр-Сұлтан қаласы Мәслихатының хатшысы туралы не білеміз

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді