$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2021, 11:51
Саясат

Парламент дипломатиялық қызмет туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады

Дипломаттарға үміткерлерді іріктеу күшейтіледі

Парламент дипломатиялық қызмет туралы заңға енгізілген түзетулерді қабылдады
көрнекі сурет

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізгген ҚР дипломатиялық қызметі туралы заңдағы түзетулермен келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Парламент Сенатының жалпы отырысында заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейтін үш өзгеріс енгізілді. Олардың ішінде «дипломатиялық қызмет ардагері» санатына жатқызу үшін қажетті дипломатиялық қызмет органдарындағы жұмыс өтілін 15 жылдан 10 жылға дейін төмендетуді көздейтін түзетулер бар.

«Бұл өзгерістер ҚР Сыртқы істер министрлігі басшылығының қатысуымен өткен комитет отырысында жан-жақты қаралды. Осыған байланысты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», - деді Мәжіліс депутаты Мұхтар Ерман.

Дипломатиялық қызметкерлерге «дипломатиялық поштаны» отбасы мүшелерінің жеке мақсаты үшін пайдалану құқығын беретін норма алынып тасталды.

Тұтастай алғанда, заң жобасы дипломаттардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты заңда «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері» ұғымы бекітілетін болады.

«Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылады. Бұл ретте төтенше және өкілетті елші немесе халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты (өкілетті) өкіл лауазымын атқарған не төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар дипломатиялық қызмет ардагерлеріне Үкімет айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ай сайын ақшалай төлем төленеді», - деген еді депутаттар.

Еске сала кетейік, 12 ақпанда Сенат депутаттары дипломаттарға қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары