18.02.2021, 12:37
Саясат
Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша мәлімдеме жасады
Қазақстан тарапы Астана процесі қағидаттарын берік ұстанады
көрнекі фото: gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды.
«2021 жылдың 16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері - Ресей, Иран және Түркия, сондай-ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды», - делінген хабарламада.
СІМ баспасөз қызметі Қазақстан тарапы Астана процесі қағидаттарын берік ұстанатынын мәлімдеді.
Көп оқылған
28.11.2026, 06:14
Алматыдағы 5 адамның өмірін жалмаған өрт: қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер шықты
28.11.2026, 16:45
«Бес адамның өмірін қиған өрт»: Алматыда 37 жастағы әйел ұсталды
28.11.2026, 08:21
23 млн теңгені букмекерлік кеңсеге аударған: Жамбылда төрт шенеунік жұмысынан қуылды
28.11.2026, 17:17
Таразда жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)
