$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2021, 09:45
Саясат

Ким Чен Ынның әйелі көпшілік алдына шықты

Ол ұзақ уақыт бойы халық алдына шықпаған еді

Ким Чен Ынның әйелі көпшілік алдына шықты
Фото: ашық дереккөзден

КХДР лидері Ким Чен Ынның әйелі Ри Соль Чжу ел көзінен таса болып, ол туралы түрлі қауесет тараған еді. Бір жылдай уақыт жоқ болып кеткен ол күйеуімен бірге КХДР-да марқұм көшбасшы Ким Чен Ирдің туған күніне арналған концертке қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігі Ким Чен Ын мен оның әйелі сейсенбі күні «Мансудэ» көркем театрында жоғары басшылықпен және партияның Орталық комитетінің мүшелерімен бірге концерт тамашалағанын хабарлады.

Концертте Ким Чен Ирдің құрметіне арналған әндер, сондай-ақ Бас хатшы Ким Чен Ынның құрметіне арналған шығармалар орындалды.

Соңғы рет Ри Соль Чжу 2020 жылдың 25 қаңтарында көпшілік алдына шыққан. Оның ұзақ уақыт бойы көзден таса болуын қалың жұртшылық белгілі бір ауруға шалдықты немесе жүкті болды деп топшылады. Алайда, Ренхап агенттігі Ри Соль Чжу COVID-19-ға қарсы сақтық шаралары үшін қоғамдық орындар мен іс-шараларға қатыспады деп жазды.

Серіктес жаңалықтары