ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Депутаттар Мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды

Бүгін жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

фото: parlam.kz

Парламент Мәжілісінің VII шақырылымының бірінші пленарлық отырысында депутаттар Мәжіліс спикері лауазымына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Кеше Nur Otan фракциясының отырысында Елбасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Оған жүктелген барлық тапсырмалар мен міндеттер орындалды. Ол парламентаризмнің дамуына және жұмыс сапасының артуына ықпал етті. Дәстүр бойынша палаталардың барлық отырысы, тұсаукесерлер, Үкімет сағаты, бейінді комитеттердің отырысы Үкімет мүшелерімен онлайн-форматта өткізілді. Қазақстандықтардың барлығы Нұрлан Зайроллаұлының Үкімет мүшелерінен жұмысты қалай талап ете алатынын біледі. Оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», - деді депутат Дархан Мыңбай.

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» фракциясының жетекшісі қызметіне ұсынды