Мәжілістің жаңа сайланған депутаттары ант берді
107 депутаттың көпшілігі жаңадан сайланып отыр
Бүгін VII шақырылған Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары ант берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді депутаттар бірінші пленарлық отырыста.
Еске салсақ, VII шақырылған Парламент Мәжілісінің толық құрамы белгілі болды.
Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліске үш партия - Nur Otan, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы» өтті. Сондай-ақ Мәжілістің жаңа құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясынан атынан сайланған тоғыз адам кірді.