АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға келеді – БАҚ
Мари Ройстың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына баратыны айтылған
АҚШ Мемлекеттік хатшысының білім және мәдениет жөніндегі көмекшісі Мари Ройс қарашаның екінші жартысында Қазақстанға келеді. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік департаметі хабарлаған.
Мари Ройстың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына баратыны айтылған.
«Мемлекеттік хатшының көмекшісі Ройс Қазақстанда Үкімет мүшелерімен кездесіп, білім және мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылайтын болады», - делінген Мемлекеттік департаменттің хабарламасында.
Сондай-ақ Ройс бірлескен білім беру бағдарламаларының қатысушылары мен түлектерімен кездеседі, ғылым мен технология және білім саласындағы Қазақстан мен «Шеврон» мұнай компаниясы арасындағы мемлекеттік-жеке серіктестік туралы құжатқа қол қояды.
Мари Ройстың Қазақстанға нақты қай күндері келетіні айтылған жоқ, бірақ ол 16 қарашадан басталып, 28-іне дейін жалғасатын шетелге сапары аясында болуы мүмкін.