АҚШ-та президент сайлауының нәтижелері не себепті жасырын қалып отыр?
Негізгі штаттардың бірінде дауыс саны әлі есептелмеген
АҚШ-та президент сайлауының нәтижелерін жарияламаудың себебі айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Strana.ua порталына сілтеме жасап.
Дауыс беру деректері негізгі штаттың бірі – Невадада әлі есептелмеген. Оларды тек 5 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.00-де) жариялайды. Қазір штатта дауыстардың шамамен 75 пайызы есептелген.
Бұл жалпы нәтижелердің кешеуілдеуіне себеп болды.
Сондай-ақ, Джо Байденнің Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының президенттігі үшін жарыста жеңіске жетуі үшін осы штаттағы алты сайлау дауысы жоқ екені айтылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Невадада Байденге – 588 252 адам (49,3 пайыз), Трампқа 580 605 (48,7 пайыз) адам дауыс берді.