Алматыда Жетісу ауданының әкімі тағайындалды
Қалалық мәслихат Гүлнар Кокобаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сьезі өтті. Сессия барысында «Жетісу ауданы әкімінің кандидатурасын талқылау» туралы мәселе көтерілді.
Қалалық мәслихат ауданның жаңа басшысы ретінде Кокобаева Гүлнар Ахметжанқызының кандидатурасын бірауыздан қолдады. Кокобаева Гүлнар Ахметжанқызы 1974 жылы туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 2019 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын Алматы облыстық Әділет басқармасында заңгер болып бастаған. Әр жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы қалалық Әділет басқармасының АХАЖ бөлімінің басшысы, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы, департамент басшысының орынбасары, департамент басшысы болып қызмет атқарған. 2020 жылдың тамызынан Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін ауданды басқарған Мақсат Қиқымов 21 қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды.