Тихановская Беларусьте өткелі жатқан жалпыұлттық ереуілге қолдау білдіреді
Оппозиция жетекшісінің каналында бүгін сағат 23:59-да Халық ультиматумының уақыты аяқталатыны жазылған
Тихановская бүгін Беларусьте өткелі жатқан жалпыұлттық ереуілге қолдау білдіретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды AzattyqRýhy тілшісі.
Оппозиция жетекшісінің каналында бүгін сағат 23:59-да Халық ультиматумының уақыты аяқталатыны жазылған. Егер де талаптар орындалмаса, Беларусь халқы жалпыұлттық ереуілге шықпақ.
«Мен Халық ультиматумының талаптарымен көшеге шығатын барлық беларусь жұртын қолдаймын. Сонымен қатар осы күні халық жағын жақтайтын әрбір шенеунік пен күш құрылымының қызметкерлеріне қолдау көрсетемін. Біздің ортақ күшіміз кез келген режимге төтеп бере алады. Біз бірлесіп, Беларусь заңын кері қайтарамыз», - деп жазды Светлана Тихановская.
TUT.BY ақпараттық агенттігінің мәліметінше, бүгін Беларусьтегі кей компаниялар мерзімсіз демалысқа кетті. Олардың арасында медициналық орталықтар, дүкендер, кафелер, мейрамханалар, тіл мектептері, тренажер залдары, туристік компаниялар, сұлулық салондары, гүл дүкендері, техникаларды жөндеу жөніндегі сервис орталықтары, бильярд клубтары және шағын базарлар бар.