Жээнбеков отставкаға кетуден бас тартты
Ол орнынан тек парламент сайлауынан кейін кетуі мүмкін екенін айтты
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков дәл қазір отставкаға кетпейді. Ол орнын тек парламент сайлауынан кейін босатуы мүмкін. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
Сооронбай Жээнбеков жаңа премьер-министр Садыр Жапаровпен кездесті. Кездесуде Жапаров Президенттің отставкаға кетуін талап еткен.
«Сооронбай Жээнбеков президенттіктен дәл қазір кетуге құқығы жоқ екенін, бұл мемлекетке кері әсер етуі мүмкін екенін айтты. Президенті 9 қазан күні айтқан ойында қалғанфн жеткізді. Яғни, ол мемлекет құқықтық жағдайға қайта оралып, парламенттік сайлаудан кейін президенттік сайлау туралы хабарланған соң ғана орнынан кететінін айтты», - деді Стамалиева.