14.10.2020, 17:54
Саясат
Қазақстан мен Люксембург арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы хаттама ратификацияланды
Тоқаев заңға қол қойды
Көрнекі фото: sputniknews.kz
Мемлекет басшысы «2012 жылғы 3 мамырда Люксембургте қол қойылған хаттамамен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2008 жылғы 26 маусымда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Люксембург Ұлы Герцогтігінің Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Жақында Сенатта заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хаттаманы жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығынын талап етпейтінін айтты.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды