$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 16:02
Саясат

Ұлттық кеңестің келесі отырысы қашан өтетіні хабарланды

Отырыста қаралатын негізгі тақырып анықталды

Ұлттық кеңестің келесі отырысы қашан өтетіні хабарланды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің келесі отырысы 22 қазанда өтеді. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

«Ұлттық кеңестің келесі отырысы 22 қазанда онлайн форматта өтеді. Оған кеңестің барлық өңірдегі мүшелері қатысады. Алдағы өтетін отырыста қаралатын негізгі тақырып – Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру жолдары», - деп жазды Қарин.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмыс топтары алдағы отырыс аясында Президент әкімшілігі, Үкімет және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі басшылығының қатысуымен арнайы талқылаулар өткізеді.

Еске сала кетейік, 27 мамырда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталы, соның ішінде білім саласын дамытудағы мәселелері талқыланды.

Серіктес жаңалықтары