Қырғызстандағы ОСК Жогорку Кенеш сайлауының нәтижесін жарамсыз деп таныды
ОСК мүшесі сайлау науқанын абыройсыз өткізгенін мойындады

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы 4 қазанда өткен Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныды. 24.kg агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты Қырғызстан ОСК мүшесі Гульнар Джурабаева растаған.
ОСК мүшесінің айтуынша, өзін-өзі тарату мәселесі де талқыланған.
«Меніңше, осы сайлау науқанында біз өзіміздің беделімізге нұқсан келтірдік, сондықтан бұл жағдайда ең дұрыс шешім - мерзімінен бұрын отставкаға кету», - деді Гүлнара Журабаева.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясының құрамы Жогорку Кенештегі фракциялар жасақтайды.
Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген наразы топ 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.
Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді.