Шұғыл: Тоқаев Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан алып тастады

Шұғыл: Тоқаев Сағымбаевты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан алып тастады
Фото: ҰҚК

Бүгін, 16 қараша күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Ермек Сағымбаевты лауазымынан алып тастады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босады», - деп хабарлайды Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда туған. Бірнеше жоғары білімі бар.

I және II дәрежелі «Даңқ» ордендері, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған.

ҚР МКҚ және ҰҚК құрметті қызметкері болып табылады.

2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді.

2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Мансабы

1994-2006 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2006-2019 жылдары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің жедел және басшы лауазымдарында қызмет;

2019-2021 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы;

2021-2022 жылдары – Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін атқарушы, бастығы;

2022 жылғы қаңтардан бастап  ҚР ҰҚК Төрағасы болған.