14 адамның өмірін жалмаған апат: Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді

14 адамның өмірін жалмаған апат: Тоқаев БАӘ президентіне көңіл айтты
Фото: istockphoto.com

Қасым-Жомарт Тоқаев Фуджейра әмірлігінде болған жол-көлік апатында адамдардың қаза табуына байланысты шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға көңіл айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы қайтыс болған жандардың туған-туыстары мен бауырлас Біріккен Араб Әмірліктері халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді», - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджейра әмірлігінде 23 көлік қатысқан ірі жол-көлік апаты болды. Апат салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, тағы 30 адам зардап шекті.