$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 15:14
Саясат

Праймериз ең алдымен, аймақтарды басқаратын жастарды іріктеп шығаруы керек – Ерлан Саиров

Биыл 17 тамызда «Nur Otan» партиясының праймеризі басталады

Праймериз ең алдымен, аймақтарды басқаратын жастарды іріктеп шығаруы керек – Ерлан Саиров

Қазақстанда саяси реформаларды жүзеге асыру үшін жұмысты ең алдымен аймақтардан бастау керек, дейді белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров. Мұндай пікірін ол «Nur Otan» партиясы жақтастарының лигасы өткізген онлайн-конференцияда айтты.

«Біз әрқашан мемлекеттің болашағы жастардың қолында, жастар елдің фундаменті деп көп айтамыз. Бірақ, осы жастарды дамытуға, жастардың толық потенциалын өсіруге келгенде нақты істе шорқақ келеміз. Мен сіздерге бір ғана мысал келтірейін, облыстық мәслихатта неше жас адам бар деген сұраққа жауап іздесек, жауап табу өте қиын болады. Өйткені, жергілікті мәслихаттарда белсенді жастар өзінің нақты қажетті орнын алмаған», - деді Ерлан Саиров.

Яғни, саясаттанушының пайымынша, егер саяси реформаларды эволюциялық жолмен енгізу қажет болса, бұл тұрғыдағы жұмыстар ең алдымен аймақтағы аудан-қалалардан басталуы керек.

«Біз Қазақстанға демократия керек дейміз. Бізге саяси реформалар керек дейміз. Бірақ, Қазақстанның аймақтардан құралатынын ескеріп, егер аймақтарда саяси реформа болмаса, аймақтарда ұрпақтар сабақтастығы арқылы билік басына жаңа азаматтар келмесе, реформаның іске аспайтынына назар аудармай келеміз. Сондықтан аймақтарда жаңа леп, жаңаша ойлайтын жастардың саяси өмірге қатысуы маңызды. «Nur Otan» партиясының басшылығы қазір осындай принцип ұстанып отыр», - деді саясаттанушы.

Айта кетейік, zoom-конференцияға Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, Нұр-Сұлтан және Талдықорған қалаларынан белгілі журналистер, саясаттанушылар, блогерлер, қоғам белсенділері қатысты. Конференцияны белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров жүргізді.

Серіктес жаңалықтары