03.08.2020, 17:02
Саясат
Бұрынғы «Қазпошта» басшысы Ішкі істер вице-министрі болып тағайындалды
Сәкен Сәрсенов әр жылдары түрлі ведомство басшыларының орынбасары болған
Фото: ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сәкен Сәрсенов 1977 жылы қазіргі Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.
2010-2012 жылдары Ақпарат және байланыс вице-министрі;
2012-2014 жылдары Көлік және коммуникация вице-министрі;
2015-2016 жылдары Инвестиция және даму вице-министрі;
2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникация вице-министрі;
2017-2020 жылдары «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы болған.
Еске сала кетейік, жақында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылығының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев «Қазпошта» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)